Қысқа тұйықталу — тұрғын үйлердегі өрттің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Қауіптің алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:

  электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз, бірнеше қуатты электр құрылғысын бір уақытта қоспаңыз;

  тек жарамды розеткалар мен электр сымдарын пайдаланыңыз;
 
  электр жылытқыштары мен зарядтау құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
 
  күйік иісі шықса, ұшқын байқалса немесе розетка қызып кетсе, электр қуатын дереу ажыратыңыз;
 
  Электр құрылғысы жанған жағдайда оны сумен сөндірмеңіз. Алдымен электр қуатын өшіріп, кейін өрт сөндіргішті немесе тығыз матаны қолданыңыз.

  Электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі екендігін есте сақтаңыз!

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми сайты

Қысқа тұйықталу — тұрғын үйлердегі өрттің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз