Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары, мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар қарастырылды. Олар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.





























