Текелі қаласында волейболдан жасөспірімдер арасында Алматы облысының көктемгі чемпионаты өтті.

Қазақстан Республикасының V-жастар ойындарына іріктеу болған бұл чемпионатқа 16 команда қатысып, үздіктерді анықтады. Чемпионат қорытындысы бойынша, Талдықорған қаласының құрама командасы жүлделі І орынды иеленді (команда жаттықтырушысы А.Момынгельдинов), ІІ орынды Алакөл ауданының командасы иеленсе, ІІІ орынға Ұйғыр ауданының командасы қол жеткізді.

Чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдарымен, грамоталарымен және кубоктарымен марапатталды.

Жарыс көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK