Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға өтінімдер қабылдау 2026 жылдың 1 шілдесінен басталды.
Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде мал және өсімдік шаруашылығы, өнімдерді қайта өңдеу, техника мен жабдықтарды лизингке алу, кооперативтерге, сондай-ақ ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру бағыттары бойынша жылдық 2,5 % мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға өтінімдер қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2026 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қарастырылады.
Өтінімдер amanatnesie.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарды құжаттарын тапсыруға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжайдан біле аласыз:
Талдықорған қ., Абылай хан көшесі, 113,
1-қабат, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ ғимараты.
Байланыс телефоны 8 (7282) 32-97-20
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша





























