Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
жаңа Конституцияның
күшіне енуімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Бүгін, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конституциясы ресми түрде өз күшіне енді. Осы тарихи күнге орай баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн еліміздің мемлекеттік дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып отыр. Өйткені Ата Заң – мемлекетіміздің стратегиялық бағытын, еліміздің ертеңгі болашағын айқындайтын басты құжат.
Халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституция еліміздегі түбегейлі реформалардың берік іргетасына айналды. Негізгі Заңның басты мақсаты – Әділетті Қазақстанды қалыптастыру, «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын нық орнықтыру, қауіпсіз, әрі қуатты мемлекет құру. Ол үшін алдымызда Президент атап өткендей, мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастыру, экономиканы жаңа үлгіге көшіру, энергетикалық және инфрақұрылымдық негізді нығайту, толыққанды цифрлық мемлекет құру, адам капиталын дамыту бағытындағы абзал міндеттер тұр. Бұл ретте ел іргесін нығайтып, келер ұрпаққа өркендеген мемлекетті мұра ету – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, әрі перзенттік парызымыз.
Ата Заңымыздың абыройы асқақтап, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры әрдайым биік болсын!
Баршаңызға жақсылық, бақ-береке тілеймін!





























