2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинаға қарсы сырт алаңда өткізген ойынды тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған Тaldykorgan-online.kz

1:1 есебімен аяқталған матчтың алғашқы голын украиналық шабуылшы Роман Яремчук 20-минутта соқты. Ойынның 59-минутында Азат Нұрғалиевтің нәтижелі пасын оңтайлы пайдаланған Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді.

Ойын барысында украина құрамасының есепті еселеуге бірнеше мүмкіндігі болғанымен, қазақстандық қақпашы Стас Покатилов оған жол бермеді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Талғат Байсуфинов шәкірттері іріктеудегі алғашқы ойынды өз алаңында Францияға қарсы ойнап 0:2 нәтижесімен жеңіліс тапқан еді.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK