Профилактикалық тәрбие жұмысы жүргізілді

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен ҚР ҰҚК Әскери полиция департаменті және ҚР ІІМ Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп профилактикалық тәрбие жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың, жағымсыз әрекеттердің және әскери тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу мәселелері түсіндіріліп, әскери қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.

Кездесу жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз