Шекарашы шахматта топ жарды

4

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен ұйымдастырылған «Senat Open» ашық шахмат турнирінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің консультанты, майор Нұржан Сағатбеков жоғары нәтиже көрсетті. Талдықорған қаласында өткен ширек финалда үздіктер қатарынан көрініп, келесі кезеңге жолдама алды.

Өскемен қаласында өткен «Senat Open» ІІІ ашық кубогінің Шығыс аймақтық жартылай финалында шекарашы офицер күштік құрылымдар арасында жүлделі ІІ орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.

Бұл жетістік шекарашылардың қызметте ғана емес, зияткерлік спортта да жоғары дайындық деңгейіне ие екенін көрсетті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз