Панфилов ауданында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Көксу» шекара бөлімшесінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Көксу, Шұбар және Рудничный орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызметімен танысып, әскери қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, әскери қызметшілер жастарға Отанды күзетудің маңыздылығы жөнінде айтып, патриоттық рухтағы әңгімелер жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу және шекара қызметіне қызығушылықтарын арттыру болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз