ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясынан тағылымдамадан өтуге келген курсанттардың қызметін қорытындылау және марапаттау шарасы өтті.
Іс-шара барысында курсанттардың тәжірибе кезеңіндегі қызмет нәтижелері сараланып, үздік көрсеткіштерімен ерекшеленген курсанттарға алғыс айтылып, марапаттар табысталды.
Сонымен қатар, жас болашақ офицерлерге әскери қызметте табыс тілеп, Отан алдындағы жауапты міндетті абыроймен атқарудың маңыздылығы атап өтілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























