ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Жалаңашкөл», «Айдала», «Сарыбөктер» шекара бөлімшелерінде Әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ел күзеткен ерлерге тағзым» атты концерттік бағдарлама қойылды.
Іс-шара әскери қызметшілерге құрмет көрсету, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін дәріптеу және мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.
Концерт барысында әндер орындалып, патриоттық рухтағы көркем қойылымдар ұсынылды. Шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























