«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшісі облыстық байқауда жүлделі орын алды

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Суньят Садыров Жетісу облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – ел тірегі» атты облыстық байқауға қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
Аталған байқау мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында өткізіліп, қазақ тілін насихаттау мен оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталды.
Суньят Садыровтың жетістігі мемлекеттік тілге деген құрметтің және тіл мәдениетін дамытуға қосқан үлестің айқын көрінісі болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз