Сарбаздар арасында Көңілді тапқырлар клубы сайысы өтті

65

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында жас сарбаздардың қатысуымен Көңілді тапқырлар клубы сайысы өтті.
Аталған іс-шара сарбаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымдық бірлікті нығайту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілді.
Сайыс барысында қатысушылар әзіл-қалжыңға толы көріністер көрсетіп, тапқырлықтары мен сахналық шеберліктерін ортаға салды.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, жас сарбаздарға ерекше әсер сыйлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз