2026 жылғы 22 мамыр күні Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылындағы Молықбай Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйіғимаратында «Halyk Әуені» концерттік-гастрольдіктуры аясында ауқымды мәдени шара ұйымдастырылды.
Кеш қонақтарына «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі мен Абай атындағыҚазақ ұлттық опера және балет театры өнерпаздарыжоғары деңгейдегі концерттік бағдарламаларынұсынып, көрермендерге ерекше рухани әсерсыйлады.
Концерт барысында қазақ және әлемклассикасынан таңдалған музыкалық шығармалар, танымал опералық ариялар мен вокалдықтуындылар орындалды. Өнер иелерінің кәсібишеберлігі, сахна мәдениеті мен орындаушылықдеңгейі ауыл тұрғындарының ыстық ықыласынабөленіп, кештің сәнін арттырды.
Мәдени шараға Ақсу аудандық әкімдігініңөкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, ауылтұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастарқатысып, өнер кешінің куәсі болды. Көрермендерконцерттік бағдарламаны зор ықыласпен қабылдап, өнерпаздарға ыстық қошемет көрсетті.
Аталған мәдени іс-шара өңір тұрғындарыныңрухани өмірін байытып, ұлттық және классикалықөнерге деген қызығушылығын арттыруға зор ықпалетті. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде кәсібиөнер ұжымдарының концерттерін ұйымдастырумәдени байланысты нығайтып, халықтыңэстетикалық талғамын дамытуға мүмкіндік береді.
«Halyk Әуені» концерттік-гастрольдік туры аясындағы мұндай тағылымды кештер алдағыуақытта да жалғасып, ел ішіндегі мәдениқұндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосабермек.




























