Талдықорған қаласы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі қалалық Комиссияның кезекті отырысы өтіп, мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша атқарылған шаралар барысы тыңдалды.  Комиссия мүшелері  алдында баяндама жасаған  «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Талдықорған қаласы агротехникалық колдежі, қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің өкілдері мемлекеттік рәміздердің насихатталуы бойынша атқарылған шаралармен таныстырды.

Комиссия мүшелері тарапынан еліміздің басты құндылықтарын дәріптеу, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында пікірлер айтылып,ұсыныстар білдірілді. Басқосуды қорытындылаған «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемекеттік мекемесінің басшысы,комиссия хатшысы Әділет Рымтаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңын орындау бойынша Комиссия мүшелерімен бірлесіп мониторинг жүргізуді,Талдықорған қалалысының барлық жоғары және жалпы білім беретін оқу орындарында,қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде,мемлекеттік мекемелерде арайы іс-шаралар жоспарын бекітіп,атқарылған шаралар туралы ақпаратты әр тоқсан сайын «Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ жолдауды ұсынды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасындағы «QAZAQSTAN жазуына ауыстырылғанына орай Талдықорған қаласындағы барлық мемекеттік мекемелер,оқу орындары ескі стандарт бойынша әзірленген Қазақста Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын міндетті түрде ағымдағы жылдың сәуір айына ауыстыруды ұйымдастыру тапсырылды. Атқарылған жұмыстар ағымдағы жылдығ 20 сәуіріне дейін қабылданады.

 

 

 

 

 Өз тілшіміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK