Облыс орталығы Талдықорғанда санитарлық мақсатта 500-ге жуық ағашты кесу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қалалықтұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімәлімдеді.
Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында апатты жағдай туғызатын және қураған ағаштарды кесу көзделген. Кесілгенағаштардыңорнына 5 мың түп ағаш көшетіотырғызылмақ. Яғни әрбір кесілген ағаштыңорнына 10 түп көшетегіледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков:
Апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жұмысәкімдіктің ерекшебақылауында. Қурағанағаштар адамдарға жәнемүлікке зиян келтіруімүмкін. Ауру және қурағанағаштардысанитарлық мақсатта кесу — қатты желмен нөсер кезінде бұтақтардың құлауқаупіназайтады, – деді.
Айта кетейік, биыл көктем-күз айларында қала аумағына 13 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ.



























