Талдықорған – жасыл желегі жайқалған қала

346

Талдықорған қаласы облыс орталығы мәртебесін алып, даму жолына нық қадам басты.  Жасыл шаһарымыз көз алдымызда гүлденіп келеді. Асан қайғы бабамыз біздің жерімізді көргенде: «Ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға жайлы қоныс екен», — депті.  Осындай ауасы таза, суы бал, жері құнарлы, көрікті мекенде тұрудың өзі – біз үшін зор мақтаныш. Жыл сайын бой көтеріп жатқан жаңа ғимараттар қаламыздың көркін күннен-күнге ажарландыра түсуде. Қолданысқа беріліп жатқан ғимараттар мен демалыс орындары жергілікті тұрғындарға, қала қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлауда. Сондай-ақ, қаланың дамуымен қатар халықтың тұрмыс жағдайы да жақсарды. Көптеген кәсіпорындар іске қосылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Яғни, мұның барлығы тек халық игілігі үшін жасалып жатқан игі бастамалар деп білемін. Талдықорғанымыз  жайнай берсін!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз