Өткен жылы ғана өз алдына отау құрып шыққан Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы бүгінде қарқынды дамып ажарлана түсуде. Оның бет-бейнесі күннен-күнге өзгеріп, көшелері мен саябақтары түрленіп, көз қызықтырады. Жаңа тұрғын үйлер салынып, шағын аудандар бой көтеруде. Осыған сай балабақша мен мектеп қатары да артып келеді. Әлеуметтік және спорттық нысандар халық игілігіне берілуде. Елімізде теңдесі жоқ олимпиада ойындарына арналған зәулім су бассейні, қаламыздың озық үлгідегі мәдениет ошағына арналған «Салтанат сарайы» мен Бикен Римова атындағы драма театры, қала тұрғындарына арналып салынып жатқан №7, №8, №9шағын аудандар кейінгі жылдары халық игілігіне арналған нысандар мен құрылыстар.
Биылғы жылы Ұлы Абайға арналған ескерткіш бой көтерсе, жақын күндерде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Дала академигі» атанған Нұрмолда Алдабергеновтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді деп күтілуде. Жаңа, Әділетті Қазақстан орнату жолында еңбек етіп жатқан қала халқы алдағы күндерде де туған қаламыздың өсіп-өніп өркендей береді деген сенімде.
Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары