ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

278

11 қазан күні «ТАТЭК» АҚ-ның аумағында, Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай, Абылайхан және Алмалы көшелерінің ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-катерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.

Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты, жедел азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Жетісу облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз