Облыс прокуроры Бауыржан Альбертұлы Жұмақановтың төрағалығымен «заң мен тәртіп» мемлекеттік идеологемасын ілгерілетуге арналған ауқымды кездесу өтті.
«Заң өзіңнен басталады» атты іс-шара бір алаңда ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын, облыстық Полиция департаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің басшыларын, ҚР ҰҒА академигі Қонаев атындағы Университетінің президенті Өмірәлі Жалаириді, ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Марат Қоғамовты, Қазақстан Суретшілер Ассоциациясы басқармасының төрағасы Ерболат Төлепбайды, сондай-ақ Олимпиада ойындарының жүлдегері Мәулен Мамыровты, «Қазақстан барысы» турнирінің және әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары Бейбіт Ыстыбаев пен Руслан Әбдіразақовты, қоғамдық бірлестіктер, жастар, мәдениет және спорт өкілдерін біріктірді.
Жаңа Конституция жобасында «заң мен тәртіп» қағидаттары құқықтық мемлекетті нығайтуға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған негізгі идеологема ретінде бекітілгені атап өтілді. Осыған байланысты қатысушылар жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар мен алдағы референдумның маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, «заң мен тәртіп» идеологемасын белсенді ілгерілетуге ерекше назар аудара отырып, облыс прокуроры қатысушыларды заңдылық, тәртіп пен жауапкершілік принциптерін өздерінің кәсіби және қоғамдық ортасында бөлісетін саналы өмірлік тәжірибеге айналдыруға бағыттады.
Бұл ретте заңға бағыну формалды міндеттен тұлғаның ішкі мәдениетіне ұласуы тиіс екені, ал әрбір қатысушының жеке үлгісі қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың маңызды шарты болатыны атап өтілді.
Жетісу облысының прокуратурасы осындай шаралар өткізу тәжірибесін алдағы уақытта да жалғастырады.





























