«Бірлік» халықаралық жастар лагері жиыны – Жетісу жерінде

262

2023 жылғы 11-13 қыркүйек  аралығында Жетісу өңірінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің басқосу жиыны өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысуда.

Жетісу ақпараттық алаңына келген «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев  «Бірлік» жастар лагері   туралы   айтты. Бұл жолы  өңіріміздің Текелі қаласында өтетін жиын Ассамблеяның «Қазақтану» жобасы аясында қазақ мәдениеті мен салт дәстүрі мектебі бойынша шеберлік сыныбы, жастармен пікір алмасу тренингтері өтпек. Кәсіби психолог, гештальт-терапевт, когнитивті және тұлғалық қабілеттерді саналы дамыту саласындағы сарапшы, кәсіби психологтар мен психотерапевтер қауымдастығының мүшесі Н.Карагеурің баяндамасы тыңдалады.  Сондай-ақ,  «Ұлан-ғайыр дала елі» ҚБ директоры, саясаттанушы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Валихан Бахретдинов  жастармен кездесіп, пікір алмасады.

«Ассамблея жастары» РҚБ Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі төрағасы Дулат Мақатов баяндама жасайды деп күтілуде. Жастарға  еліміздің көрікті жерлерін көріп, тамаша табиғатты көріп қайту бақыты да бұйырды.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз