Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі, сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге құқығын тану үшін аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Қағиданың 7 және 8 тармағына сәйкес мемлекеттік органда аккредиттеуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде электрондық нысанда ұсынады:
1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Аккредиттеуге қатысу үшін құжаттардың электрондық нысанда толық пакеті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне 2026 жылғы 3 наурызға дейінгі мерзімде Documentolog жүйесі арқылы немесе электрондық почта арқылы қабылданады: ecmegnr@gmail.com, a.ualiev@ecogeo.gov.kz , тел. +7 7172 74-08-85, 74-06-25.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Экология, және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне телефон арқылы хабарласуға болады: ұялы, WhatsApp 8-702-403-32-66.
Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама




























