Жетісу облысы мен Алматы қаласыныңмонополияға қарсы органдары жүргізген тергеп-тексеру барысында автомобиль жолдарын жөндеубойынша мемлекеттік сатып алулар өткізу кезіндекартельдік сөз байласу белгілері анықталды. Тергеунәтижесінде «РСУ-1» ЖШС мен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС сауда-саттыққа қатысу кезіндекелісілген әрекеттер жасап, баға ұсыныстарыныңқалыптасуына ықпал еткені белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің169-бабына сәйкес, сауда-саттық қорытындыларынбұрмалауға және бағаларды ұстап тұруғабағытталған нарық субъектілері арасындағыдеңгейлес келісімдер картель деп танылады жәнезаңнамамен тыйым салынады.
Компаниялар тергеп-тексеру нәтижелерін сот тәртібімен даулады. Бірінші сатыдағы сот монополияға қарсы органның қорытындысынзаңсыз деп таныды. Алайда, апелляциялықшағымды қарау нәтижесінде бұл шешімнің күшіжойылып, картельдік сөз байласу фактісі расталды, ал монополияға қарсы органның әрекеттері заңдыдеп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Қазіргі уақытта материалдар қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғын бағалау үшінЖетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Мұндайбелгілер анықталмаған жағдайда монополияғақарсы ықпал ету шаралары қабылданады, оныңішінде нұсқама шығару, монополиялық табыстытәркілеу және әкімшілік жауапкершілікке тартукөзделген.





























