МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ

4
Screenshot

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-нің «Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК-ның жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес келмегені анықталды, бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады.

Осыған байланысты Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды. Қазіргі уақыттанұсқама толық көлемде орындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз