Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова елдің үш аймаққа бөлінгенін жеткізді-деп хабарлайды  дереккөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Яғни вирус жұқтырғандардың санына қарай өңірлер қызыл, сары және жасыл аймаққа бөлінеді. Айжан Есмағамбетова елде қызыл аймақтардың жоқ екенін айтып, қызыл аймаққа кірген өңірлер толығымен карантинге жабылатынын ескертті.

«Қазақстанның барлық аймақтары 3-ке бөлінеді. Қызыл, сары және жасыл. Аймақтардың бөлінуі 2 индикатормен байланысты. R индикаторы ауру адаммен байланыста болған адамға инфекцияның жұғуы және халықтың соңғы 7 күніндегі 100 мың адамға шаққандағы ауру деңгейі. Қызыл аймаққа халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 50-ден жоғары және R көрсеткіші 1-ден асатын аймақтар кіреді. Сары аймаққа — халықтың 100 мыңына шаққанда 20-дан 50-ге дейін және R индикаторы 1-ден асады. Жасыл аймаққа — 50-ден төмен және R көрсеткіші 1-ден аз. Бүгінгі күні барлық аймақтар жасыл аймақта, қызыл аймақтар жоқ, Шығыс Қазақстан облысы сары аймақта», — дейді А. Есмағамбетова

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK