Қазақстанда мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті үйге дейін жеткізуге қызметі іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме  жасап taldykorgan-online.kz.

Электронды үкімет порталында қазақстандықтарға көліктің мемлекеттік нөмірін және көлікті тіркеу туралы куәлікті жеткізуді рәсімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Ведомство мәліметінше, ол үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. «Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» қызметкері мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты үйге әкеліп береді», — делінген хабарламада.  «Ұлттық ақпараттық технологиялардың» басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың сөзінше, қазақстандықтар үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін алған жағдайда көлікті рәсімдеу процесі толығымен автоматтандырылмақ. «Бұрын ол үшін қазақстандықтар, кем дегенде, екі рет мамандандырылған ХҚКО-ға барса, қазір  eGov.kz порталында рәсімдеп, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді рәсімдеуге болады».

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK