Шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері «Денсаулық күні» фестивалінде жүлделі орындарға ие болды

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Екіаша» және «Басқан» шекара бөлімшелерінің мерзімді әскери қызметшілері Сарқан ауданы әкімінің ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық күні» фестиваліне қатысты.
Іс-шара барысында шекара сақшылары белсенділік танытып, ән байқауы мен гір көтеру жарыстарында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі бірінші орындарды иеленді. Бұл жетістік жеке құрамның салауатты өмір салтын ұстануға және спорттық дайындыққа ерекше көңіл бөлетінін айқындайды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз