Шекарашылармен «Қазақ тілі – өз тілім» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен Жаркент қаласындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мамандарының қатысуымен «Қазақ тілі – өз тілім» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін насихаттау және жеке құрам арасында қазақ тіліне деген құрметті арттыру. Кеш барысында тіл туралы танымдық мәліметтер ұсынылып, шығармашылық қойылымдар мен пікір алмасу өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз