ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Көксу» шекара бөлімшесінің бастығы, майор Н.Исмайыл «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесінің жоспарына сәйкес Көксу орта мектебінің оқушыларымен танымдық сабақ өткізді.
Сонымен қатар жастарды әскери мамандыққа баулу мақсатында жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оқу талаптары мен болашақ қызмет мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























