Облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй, денсаулық сақтау және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.

Мәселен, талдықорғандық А.Жайнақова сирек аурулар диагнозы бар қызының дәрісін алуға қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Бұл ретте жыл сайын аталған диагноздағы пациенттер үшін дәрі сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетіні айтылды және өтініш иесінің қызы дәрі алатын азаматтар тізіміне алдағы жылдан бастап қосылатын болады. 

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз