Жыл қорытындысы: Жетісуда газ тартылған елді мекендер саны 126 елді мекенге жетті

Биыл Жетісу облысында газдандыру деңгейі 72%-ға жетіп, газ тартылған елді мекендер саны 126 елді мекенге жетті, онда шамамен 500 мыңнан астам халық тұрады , — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, 302 шақырым болатын магистралды құбыр төселіп, 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шамамен 152 мыңнан астам адамы бар 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2028 жылы өңірде жалпы саны 210 елді мекенге газ тартылады деп жоспарлап отырмыз. Облыста газға деген қажеттілік артып келе жатқандықтан, жеке инвестициялар есебінен «Алматы-Талдықорған» екінші магистралды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Сол сияқты ауыз сумен қамту мәселесіне тоқталсақ, 2023-2024 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға 4 ауыл қосылды, 25 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Биыл тағы 4 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Жалпы, 329 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталып, қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз