Астықты терең өңдеу: инвестициялық жобалар портфелі $2,6 млрд-қа жетті

6

Қазақстан астықты терең өңдеуді дамытуға баса назар аударуда. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Саланы 2028 жылға дейін кеңейту үшін жалпы қуаттылығы жылына 4,8 млн тонна бидай мен жүгеріні өңдейтін 5 ірі жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі $2,6 млрд-ты құрайды.

«Өнім ассортиментін аминқышқылдары, сироптар, дәрумендер шығару арқылы кеңейту жоспарлануда. Өндірілетін өнім сыртқы нарықтарға, оның ішінде АҚШ пен Еуропа елдеріне, Қытай мен Үндістанға, ТМД, Таяу Шығыс және Африка мемлекеттеріне бағытталған. Тұрақты шикізат базасының болуы біз үшін бәсекелестік артықшылық туғызады»,

— деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз