Мерекеге дайындық

7

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков медиа саласының мамандарын Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға қатысты жаңалықтармен таныстырды. Тұсаукесері 20-желтоқсанға жоспарланып отырған ені – 9, биіктігі – 23 метрді құрайтын ұлттық нақыштағы басты шырша мен айналасын безендіруге 27 миллион теңге жұмсалмақ. Салтанатты шараға 150 аяз ата мен ақшақар қатысып, кішкентай тұрғындарға өте қызықты көңіл – күй сыйламақшы. Желтоқсанның 20-сы мен қаңтардың 20-сы аралығына жоспарланып отырған жаңажылдық мерекелік шараға әзірлік- орнатылатын көптеген қондырғылардың күрделілігі мен қауіпсіздігін қамтуға байланысты 11-ші желтоқсаннан басталады. Мерекеге кәсіпкерлер қауымы да белсенділік танытып, орталық алаңға 6 тамақтану нысанын орнатады. Жаз маусымын түрлі қызықты шаралармен өткізген талдықорғандықтар мен қала қонақтары үшін қыс маусымы да өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленбекші. «Қаратал» жағажайында, «Жастар» демалыс саябағында күн сайын түрлі фестиваль, спорттық шаралар, тағы да басқа бағдарламалар қарастырылып отыр. Қыс қызықтарынан Еркін және Өтенай ауылдық округінің тұрғындары да шет қалмайды. Ауылдың орталық аумағында жасыл шырша бой көтеріп, мерекеге сай безендіру ісі жүргізіледі. Еске салсақ, жаңа жылдық шырша осыдан 5 жыл бұрын жаңартылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз