Күні кеше Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қалада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, екі ғасырдың куәгері Ысқақ Хұсайынов атамен кездесті. 40 жыл ұстаздық етіп,Білім беру саласының үздігі атанған Ысқақ Әбілпейісұлы атамыз қазіргі таңда ұрпақ қызығын көріп, немере-шөберелерінің ортасында.
Қала әкімі Ернат Бәзіл:
« Екінші дүниежүзілік соғысты тікелей басынан өткерген, оққа кеудесін тосып, от кешкен майдангердің үркердей шоғыры ғана қалды. Ұрпақ қамы үшін қан майданға аттанып, Жеңіспен оралдыңыздар. Бүгінгі ұрпақ бақытты. Алдымызда ардагерлеріміз аман-есен жүре беріңіздер. Ардагерлерге, жалпы, қарияларға, қоғамдағы басқа да әлеуметтің қорғалмаған топтарына мемлекет тарапынан қамқорлықтар жасалып отыр. Ел Президентінің халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындауда аймақта көптеген жұмыстар атқарылуда. Тапсырмаларды жүзеге асыру міндетіміз. Сондықтан өзіңізге жаңадан салынып қолданысқа беріліп жатқан мөлтек аудандардан бір бөлмелі пәтер кілтін табыстауға келдік,-деді .
Майдангердің пәтер алу қуанышын немере-шөберелері ерекше көңіл-күймен қарсы алды.
– Соғысқа бір ауылдың азаматтары түгелдей аттандық. Қаншама адам соғыста ерлікпен қаза тапты. Мүлде оралмай, шаңырағы құлағандар да аз болған жоқ. Жалғыз-жарым тұяқтан жалғасқандар қаншама?! Сондай тозақ отынан аман қалғандарға осынша қамқорлық көрсетіп отырған Президентке, облыс әкіміне және қала әкіміне рахмет айтамын. Ел қамы, халық игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріңе табыс тілеймін. Ел іргесі аман болсын, – деді ардагер ата.
Сондай-ақ, ардагер атаның балалары атынан Гүлсімжан Искакқызы Мырзаханова жүрекжарды тілегін арнады.
«Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы,Ернат Дүйсенбекұлы екі ғасыр куәсі болып, бүгін 100 жасқа толып отырған әкемізді арнайы құттықтауға келіп игі тілек, жылы сөздер айтқаныңыз үшін және ол кісінің Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері мен бейбіт күнде ұзақ жылдар жүріп өткен ұстаздық жолындағы нәтижелі еңбегін ескеріп, облыс халқының алғысы мен сый-құрметі ретінде пәтер кілтін табастап отырғаныңыз үшін біз — ұрпақтары шын жүрегімізден рақмет айтамыз.
Еңбегіңізге жеміс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Елге сіңірген еңбегіңіз еленіп, жұрт алдындағы абыройыңыз биіктей берсін».
Әрі қарай мынадай жыр жолдарын арнағым келеді.
Сынығындай асылдың,
Куәсы екі ғасырдың .
Атамызды қуантып,
Абыройын асырдың .
Болар елдің баласы,
Құрметтеген қарттарын .
Тарихтың бетіне,
Алтындап жазған аттарын.
Сол үрдістің жалғасын,
Көрсетіп тұрсыз бүгін Сіз .
Алғыс айтпай ұлы іске,
Қала алмадық біз үнсіз.
Жүріңіз Сіз де әрдайым,
Еңбегіңіз еленіп .
Халықтың жасап жағдайын,
Шуағына бөленіп.