ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты “Қорғас” шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен Халық банкінің қызметкерлері кездесу өткізіп, интернет алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары туралы профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шара барысында банк карталарын қорғау, бейтаныс сілтемелерге өтпеу және жеке деректерді жария етпеу мәселелері кеңінен қамтылды. Кездесу шекарашылардың цифрлық қауіпсіздік бойынша білімін арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























