ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Әйелдер кеңесі «Іле» шекара бөлімшесіне арнайы барып, мерзімді әскери қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Кеңес мүшелері жас сарбаздардың күнделікті өмірімен танысып, олардың хал-жағдайын білді. Әңгіме барысында сарбаздар өз әсерлерімен бөлісіп, әскери қызметтің жауапкершілігі мен маңызын терең сезініп жүргендерін жеткізді.
Әйелдер кеңесі жауынгерлерге рухани қолдау көрсетіп, аналық қамқорлық танытты. Сонымен қатар, әскери қызметшілерге Отан алдындағы борышты адал атқару жолында табыс тілеп, ізгі тілектерін арнады.
Мұндай шаралар жас сарбаздардың моральдық-психологиялық жай-күйін нығайтып, әскери ортада жылылық пен сенім атмосферасын қалыптастыруға сеп болады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























