«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жоғары деңгейде өтті

248

Жаркент қаласының Орталық мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы, Қорғас шекаралық бақылау басқармасы, Инженерлік-техникалық бөлімі және Жедел техникалық бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасылары қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – қызмет пен отбасы құндылықтарын ұштастыра отырып, бірлігі жарасқан жанұяларды насихаттау, әскери қызметшілердің отбасындағы тәрбиелік рөлін арттыру болды.

Әскери қызметшілердің отбасылары түрлі номинациялар бойынша сынға түсіп, өнерлерін, бірлігі мен татулығын паш етті. Байқау нәтижесінде төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
• Гран при – Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы
• І орын – Инженерлік-техникалық бөлімі
• ІІ орын – Қорғас шекаралық бақылау басқармасы
• ІІІ орын – Жедел техникалық бөлімі.
Байқауға қатысқан әрбір отбасы шынайы сүйіспеншілік пен өзара құрметтің үлгісін көрсетті. Осындай игі шаралар әскери ортада отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамда береке-бірлікті нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

ҚР ҰҚ Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз