«Қарақұм» шекара бөлімшесіне рухани қолдау көрсетілді

216

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Әйелдер кеңесі «Қарақұм» шекара бөлімшесінде болып, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздармен кездесті.

Кеңес мүшелері жас жауынгерлердің қал-жағдайын біліп, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Кездесу барысында сарбаздарға моральдық-психологиялық қолдау көрсетіліп, ақ тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Мұндай шаралар жас әскерилердің рухын көтеріп, жауапты қызметке жігер береді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз