Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

414

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Жаркент жоғары педагогикалық, Қапал кәсіптік — техникалық, Жетісу құрылыс-техникалық колледждеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарды.

Департамент мемлекеттік кәсіпорындарға мониторинг жүргізу барысында аталған колледждердің жарғыларында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес келмейтін және монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлері болғандығы анықталды. Атап айтқанда, бұл қосымша білім беру бағдарламалары мен арнайы курстар бойынша оқыту туралы болды.

Бұл әрекеттер бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманың талаптарын бұзды.

Қазіргі уақытта барлық нұсқамалар орындалды, жарғылық қызмет түрлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз