Оқу орындарының студенттері шеберлік байқасқан сайыста 10 команда өзара үздіктерін анықтады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш дода Талдықорған қаласының жоғарғы медициналық колледжінің спорт залында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жоғарғы медициналық колледжі қарсыластарынан басым болып, бірінші орынды жеңіп алды. Ал, жоғарғы политехникалық колледжінің қыздары екінші тұғырдан көрінсе, үздік үштікті сервис және технология колледжінің командасы иеленді.

Жеңімпаздар қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама қағаздарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK