ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Қарақұм” шекара бөлімшесінде шекаралық оқу орталығын сәтті аяқтаған мерзімді әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасындағы оқу орталығында жалпыәскери дайындық курстарын табысты тәмамдаған жас сарбаздар енді шекара шебінде тікелей жауынгерлік қызметке кірісуге бағытталды. Бұл рәсім олардың әскери өмірдегі жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді.
Қарсы алу шарасы барысында бөлімше командирі мен офицерлік құрам жас жауынгерлерге Отан алдындағы абыройлы міндетті мүлтіксіз атқару жолында табыс тілеп, шекара қызметінің жауапкершілігі мен маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара шеңберінде бөлімшенің ішкі тәртібі, күн тәртібі және қызметтік міндеттермен таныстыру өткізілді. Сонымен қатар, жас сарбаздар бөлімше аумағын аралап, шекара шебіндегі қызметтің нақты жағдайларымен танысты.
Мұндай рәсімдер — жас сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеріп, әскери ортаға тез бейімделуіне ықпал ететін маңызды дәстүрдің бір бөлігі болып табылады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























