Мерзімді әскери қызметшілермен алдын алу шарасы өтті

211

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Әскери полициясы Жаркент бөлімінің қызметкерлері қатысуымен мерзімді әскери қызметшілерге арналған алдын алу сипатындағы түсіндіру шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — әскери ортада заңдылықты нығайту, ҚР заңнамаларын сақтау, әскери жарғы талаптарын бұзуға жол бермеу және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында әскери полиция қызметкерлері сарбаздарға ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіндегі әскери қызметшілерге қатысты баптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, әскери тәртіп пен ішкі жарғы талаптарын бұзудың салдары, жауапкершілік түрлері мен тәртіптік жазалар туралы нақты мысалдар келтіре отырып айтып берді.
Сұхбат форматында өткен шара барысында сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі кәсіби жауаптар алды.
Бұл шара мерзімді әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға және әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара ретінде өтті.

                           ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз