ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсетін талапкерлердің ата-аналарымен кездесу өтті

218

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға ниет білдірген мектеп түлектерінің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты — талапкерлердің ата-аналарын Шекара академиясына қабылдау тәртібімен, оқу бағдарламасы мен әскери білім беру ерекшеліктерімен, курсанттардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және олардың барлық сұрақтарына жауап беру.
Іс-шара барысында шекара басқармасының офицерлері мен жауапты мамандар академияға қабылдау процесінің кезеңдерін, құжаттарды тапсыру талаптарын, медициналық және физикалық тексеру рәсімдерін түсіндірді. Сонымен қатар, академияда оқудың артықшылықтары, кәсіби өсудің мүмкіндіктері мен әскери қызметтің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Ата-аналар өз тараптарынан ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, болашақ курсанттарға сәттілік тіледі.
Мұндай кездесулер — жас буынның әскери білімге деген қызығушылығын арттырып, ата-аналардың сенімін нығайтатын маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

                             ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз