Мерзімді әскери қызметшілерді күтіп алу рәсімі өтті

200

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында үш ай бойы білім курсын аяқтаған сарбаздарды Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты әскери ұжымдарда салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті.
Бұл рәсім – жауынгерлік қызметке жаңадан аяқ басқан жас сарбаздардың Отан алдындағы жауапты міндетіне ресми түрде кіріскенін білдіретін маңызды сәттердің бірі. Іс-шара барысында басқарма басшылығы мен офицерлік құрам жас жауынгерлерге арнап құттықтау сөз сөйлеп, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Күтіп алу рәсімі аясында сарбаздарға шекара шебіндегі қызметтің ерекшеліктері мен тәртіп ережелері таныстырылды. Сонымен қатар, бөлімше аумағында экскурсия ұйымдастырылып, әскери инфрақұрылым, жауынгерлік әзірлік жағдайлары көрсетілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз