Ғасыр үнімен үндескен домбыра

161

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас шекаралық бақылау басқармасында Ұлттық домбыра күніне арналған тақырыптық-танымдық іс-шара өтті.
Шараға басқармадағы мерзімді әскери қызметшілер мен офицерлер қатысып, ұлттық аспап — домбыраның тарихи мәні, оның қазақ халқының рухани мұрасындағы орны жайында мазмұнды ақпараттар тыңдады. Сондай-ақ, кеш барысында сарбаздар домбырамен күй тартып, ұлттық әндер орындап, жыр-терме айтты.
Мұндай іс-шаралар сарбаздар арасында патриоттық сезімді нығайтып қана қоймай, олардың ұлттық мәдениетке, тарихқа деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосады.
Ұлттық домбыра күніне арналған бұл кеш ел руханияты мен өнерін ұлықтаған маңызды тәрбиелік мазмұндағы шараға айналды.

                                 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз