Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

480

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Әйелдер кеңесінің мүшелері «Сарқан» шекара бөлімінің бөлімшелерінде тұратын әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында кеңес мүшелері бөлімшелерде орналасқан әскери қалашықтардағы тұрмыстық жағдайлармен жақын танысып, отбасылардың әлеуметтік ахуалына назар аударды. Шекара қызметін абыроймен атқарып жүрген жауынгерлердің жанұяларына моральдық қолдау көрсету, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдау — кездесудің басты мақсаты болды.
Кездесу барысында аналар мен әйелдердің тәрбиелік рөлі, әскери қызмет жағдайындағы отбасы бірлігінің маңызы және балалардың оқу-тәрбие процесі туралы ашық пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, кеңес мүшелері тұрмыстық мәселелерді жеңілдету жолдарын қарастырып, тиісті ұсыныстарды тіркеп алды.
Мұндай шаралар шекара қызметіндегі әлеуметтік тұрақтылық пен ішкі бірлікті нығайтумен қатар, әскери қызметшілердің кәсіби міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаруына да оң ықпалын тигізеді.

                                 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз