Балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен №14 орта мектеп-гимназиясы «Ұлттық құндылықтар тәбиенің түп қазығы» атты бірлескен семинар өткізді. Бұл жиында мектеп директоры Ж.Сансызбаева, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы С.Рысбаева кіріспе сөз сөйлеп, шараның өзіндік маңыздылығына тоқталды.
Семинарда тәрбиеге қатысты салиқалы ойлар ортаға салынды. Директордың орынбасары Н.Ахмадиева, бастауыш сынп мұғалімдері З.Кұлсейітова, Л.Салтакова тәрбие мен инклюзивті білім беру жағдайындағы сынып жетекшілерінің қызмет ерекшелігі турасында баяндама жасады. Ж.Игісінова «Әкелер мектебінің» рөлі турасында сөз алса, А.Ақын көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру турасында сүбелі ойларын ортаға салды.
Шара барысында белсенділік танытқан ұстаздарға марапат табысталды.