Жетісулық шекарашылар ҚАЗТЕСТ сынағын тапсырды

256

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тестілеуден сәтті өтті. Бұл шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтап, шекарашылардың тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ұлттық жүйе . Тестілеу барысында тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары бағаланып, қатысушылардың тілді меңгеру деңгейі анықталады.
Департамент әскери қызметшілері тестілеуге белсенді қатысуы мемлекеттік тілге деген құрмет пен жауапкершілікті көрсетеді. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып, тілдік біліктілігін нығайтуға ықпал етеді.

                                                                                                   Данагүл Мәкен

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз