Талдықорған қаласының көп балалы және аз қамтылған отбасыларына арналып «Жанұя» әлеуметтік орталығының бастамасымен Халықаралық отбасы күні аталып өтті. Орталық қызмет алушыларының жанұяларымен табиғат аясында демалыс ұйымдастырды. Бұл нағыз демалыстың бірі болды. «Жанұя» орталығының ұжымы түрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырды. Балалар командаларға топтасып «Арқан тартыс» , «Көк серек – ақ серек» сынды ойындарды ойнауға кірісті. Сонымен қатар, аналар табиғат аясында йога жаттығуын жасаумен қатар, таза ауада психологиялық терапия тренингі өткізілді.
Ойналған ойын мен шаралардың барлығы бір күн болсын денсаулықты шыңдап, қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты аялай білуге бағытталды.
Бір сөзбен айтқанда, өткізілген іс-шара, «Жанұя» орталығының қызмет алушыларының өзара жақсы қарым – қатынас жасауға, ынтымақтарын арттыруға, ұйымшылдықтарын нығайтуға септігін тигізді.
Жансая Амангелдиева,
PR- менеджер