Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталды. Конкурстың мақсаты — отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.
«Мерейлі отбасы» байқауына еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2023 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Талдықорған қаласы, Абай көшесі №272, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байланыс телефондары: 247331
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
- Жалпы ережелер
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
- Конкурсқа Талдықорған қаласында тұратын отбасылар (бұдан әрі – Үміткерлер) қатысады.
- Конкурсқа отбасы мүшелерінің түрлі сала бойынша еңбекте жетістіктерге жеткен (спорт, ғылым, мәдениет, білім т.б.) шығармашылық, интелектуалдық қабілетті отбасылар қатыса алады.
- Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
- Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – қалалық, екінші кезең – өңірлік, үшінші – ұлттық.
Конкурстың бірінші кезеңін іріктеу Талдықорған қаласы бойынша құрылған жұмыс тобы арқылы іске асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді іріктеу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылады.
Жұмыс тобы құрамы топ төрағасынан, мүшелерінен және хатшысынан тұрады.
Жұмыс тобының хатшысы топ төрағасы мен мүшелерінің қарауына дайындалған құжаттар мен материалдарды ұсынады. Жұмыс тобының отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқанда құқылы болып есептеледі. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіруі мүмкін.
Анкеталық іріктеу:
Конкурс өтінімдері мына мекен-жайға өткізілуі тиіс. Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі №272, Байланыс телефондары: 247331, 247328
Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асыраушы (қамқоршы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қамқорлықты (тәрбиелеуді) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі;
3) неке туралы куәліктің көшірмесі;
4) отбасы туралы фото альбом, балаларды тәрбиелегені үшін алған марапаттарының, белгілі бір жетістіктерді куәландыратын құжаттардың көшірмелері (грамота, алғыс хаттар, т.б.);
5) әріптестерінің, көршілерінің, өңірдегі беделді адамдардың, достарының ұсынымдары.
6) белгіленген нысанда толтырылған анкета;
Комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Өтінімдер 2023 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.
Байланыс телефондары: 247331.
Егер өтінім көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған немесе толық көлемде (белгіленген нысанда) ұсынылмаған жағдайда үміткерлер Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы конкурстық жұмыс тобы үміткерлердің құжаттарымен танысып, жеңімпаз 2 отбасыны облыстық байқауға қатысуға екінші кезеңге жібереді.
Жұмыс тобы іріктеу барысында мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
- Отбасы мүшелерінің жетістіктері;
- Отбасылық дәстүр және жәдігер;
- Отбасының рухани – адамгершілік құндылықтары;
- Балаларының жетістіктері;
- Ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
- Өздерінің шыққан тегін білу (шежіре — ру тарихы);
- Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтарының өкілдері);
- Отбасының дарындары;
- Отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.)
- Отбасының қоғамдағы беделі.
ӨТІНІШ
Т.А.Ә.:
Жасы, жынысы:
Білімі:
Жұмыспен қамтылуы:
Тұрғылықты мекенжайы:
Отбасы туралы деректер:
Отбасы немен танылған (немесе отбасы мүшелері):
Марапаттаулар мен олардың түрлері:
Отбасы мүшелерінің әрқайсының деректері.
Т.А.Ә.:
Жасы:
Білімі:
Жұмыспен қамтылуы:
Тұрғылықты мекенжайы (мекенжайы және тел.):
Отбасы болмысы (2-,3-,4- және т.б. ұрпақтар сабақтастығы):
Отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшелігі:
Тәрбие негізіне ата-аналардың қандай қасиеттері жатады:
Отбасында қандай отбасылық дәстүр сақталған
Отбасылық қатынастар қандай принципте құрылады
Тәлімгерлер, педагогтар мен тәрбиешілердің әсері
Отбасылық өмірден қызықты сәттер
Отбасылық фото-сурет (электрондық нұсқасымен бірге)
Қолы
Күні